Күрестен әлем чемпионатына дайындық қызу жүруде
Байрақты бәсекеге мыңнан астам палуан қатысады деп күтілуде. Алғашқы алтылыққа іліккендер Олимпиада лицензиясына ие болады. Жалпы бұл турнирде спортшылар 30 медальді сарапқа салмақ. Қазір елорда төрінде күресі аса дамымаған 36 елдің палуандары үшін арнайы дайындық лагері жұмыс істеуде. Бүгінде бұл жерде 120 спортшы шеберліктерін шыңдап жүр. Олар 19 қыркүйекке дейін осында жаттығатын болады.
Марат Гарипов, Бразилия ұлттық құрамасының мүшесі:
- Бразилия құрамасынан 8 адам, яғни 2 палуан грек-римнен, ал 4 қыз еркін күрестен және 2 бапкер келді. Бастысы финалға дейін жетсем болды.
Ерлан Қожасбай, ұйымдастыру комитетінің төрағасы:
- Бұл бағдарлама әлеуметтік көмек ретінде және осы елдерде күресті дамыту үшін ұйымдастырылып отыр. Мәселен, Сингапурда бұрын палуан жоқ еді. Қазір бір спортшы бар. Бұл лагерьде әлемдік күрес қауымдастығының бапкерлері жұмыс істейді. Олардың қатарында Сидней Олимпиадасының қола жүлдегері Алексис Родригес те бар.