Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 18% артты
Аталған салада ілгерілеушілік байқалады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. Қазір Қазақстанда 167 автомобиль моделі құрастырылады. Оның ішінде 39 жеңіл көлік моделі және 22 әлемдік бренд бар. «Машина жасау саласын индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру барысында жалпы сомасы 276 млрд теңге болатын 114 жоба сәтті іске қосылған. Нәтижесінде 11 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды», – дейді вице-министр.
Аманияз Ержанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:
- Өнімнің локомотив, трансформатор, коммуникациялық құралдар, оптикалық құралдар, электронды бөлшектер сында жаңа түрлері пайда болды. Автоөнеркәсіп, теміржол және машина жасау саласы қарқынды даму үстінде. Мұның барлығы мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың арқасында мүмкін болып отыр.