Бауыржан Байбек: Халық мүддесін әлеуметтік желіден іздеу қажет
Ол жылы кабинеттерін тастап, бұқараның басындағы жайттарды тікелей шешуді тапсырды. Қордаланған мәселелерді үйілген қағаздардан ғана іздеп қоймай, әлеуметтің арасында қызу талқыланған дүниелерге назар аудару қажеттігін айтты. «Естуші мемлекетке айналу үшін әлеуметтік желілерде халық көп назар аударатын мәселелерге басымдық беру қажет», – деді.
Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:
- Аймақтарда нақты жұмыс болуы керек. Сол бойынша біз селекторлық режимде сөйлесеміз, тағы да кездесеміз. Біз кабинеттерден кетіп, халық арасына барып, оларды тыңдап, мәселелер мен сұрақтарды көтеріп, оны ашық түрде шешуіміз қажет.
Бауыржан Байбек әр саладағы жемқорлықтың тыйылмай тұрғанын да атап өтті. Мысалы, жоғары оқу орындарының қаржылық есебі ешқайда жарияланбайды. Сонымен бірге студенттер емтихан тапсыру барысында олқылық көбейеді. Өткен жылы партияға 140 мыңнан астам арыз түссе, биылғы 8 айда шағымдардың көлемі 143 мыңға жетіпті.