Nur Otan партиясы әлеуметтік мәселелерге назар аударды
Ол бірқатар әлеуметтік мәселеге назар аударып, жергілікті тұрғындармен және партияның облыстық және қалалық филиалының қызметкерлерімен кездесті. Оларға партиялық жаңғыру аясында Елбасы анықтаған жаңа міндеттер мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басымдықтарға тоқталды.
Сонымен қатар Бауыржан Байбек Арыс қаласын қалпына келтіру барысымен танысты. Тұрғындар қолдау көрсеткен барша Қазақстан халқы мен мемлекетке және Nur Otan партиясына ризашылықтарын білдірді. Бүгінде Арыс қаласында жөндеу жұмыстарының 99,3% аяқталған. Ал Ибрагимовтер отбасының апат салдарынан жарамсыз деп танылған үйлері қайта салынды. Бауыржан Байбек шілденің басында Арысқа барғанда осы үйдің жайымен танысып, партия тарапынан қолдау көрсетілетінін айтқан. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталып, үй иесі Талғат отбасымен осында тұрып жатыр. Жаңа шаңырақта жуырда өмірге Ілияс есімді ұлы дүниеге келді.
Талғат Ибрагимов, Арыс қаласының тұрғыны:
- Бізге осы үйді тұрғызып, уақытылы аяқтап берді. Енді үйімізге кіріп отырмыз.