Нұр-Сұлтанда дағдарыс жағдайындағы келіссөз жүргізушілердің жаттығуы өтті
Олардың ішінде елші жоқ, бірақ тұтқындардың біреуі жаралы.
Дәл осындай сценариймен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда дағдарыс жағдайындағы келіссөз жүргізушілер үшін арнайы жаттығулар өткізді. Бұл семинар-тренинг 5 күнге жоспарланған. Осы уақыт аралығында израильдік мамандар қазақстандық әріптестеріне қаруланған қылмыскермен қалай келіссөздер жүргізу керектігін және де тұтқынға алынған адамдарды аман-есен босатудың әдіс-тәсілдерін үйретті. Олқылықтарын да көрсетіп, оны жою жөнінде де кеңестерін берді.
Виталий Кранкер, Израиль полициясының өкілі:
- Біздің міндет – бұл қақтығысты күш қолданбай, яғни тек келіссөздер арқылы шешу. Осылайша біз қазақстандық мамандардың біліктілігін арттырмақ ниеттеміз. Бұл жерде елшінің үйі болғандықтан, ол жергілікті жердің мәселесі емес. Халықаралық деңгейде шу шықпас үшін барлығын тиянақты атқару қажет.
Ұлболсын Жанатаева, Құқық қорғау органдары академиясының профессоры:
- Былтыр посткеңестік аумақта алғаш рет осындай семинар-тренинг өткізілген болатын. Онда израильдік мамандар келіссөздер жүргізу мен тактикалық қимылдаудың алуан түрлі әдістерін көрсетті. Жуырда біздің қызметкер осындай оқу барысында меңгергенін қолданып, суицидтің алдын алды.