Еліміздің БҰҰ-мен байланысы одан әрі тереңдей түспек
Сондай-ақ денсаулық сақтау қызметтерімен тұтастай қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жоғары деңгейлі отырыс ұйымдастырылады. Еске сала кетейік, осы жиындардың біріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады деп жоспарланып отыр. Президент қандай жиындарға қатысады?
Рауан Мыңбаев, тілші:
- Америка үшін ғана емес, жалпы әлемдік қауымдастық үшін қаржы және саяси орталықтардың бірі Нью-Йоркте қарбалас тіршілік енді ғана басталып жатыр. Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шаһарға кеше ұшып келді, сөйтті де бірден алғашқы жиындарының бірін өткізіп үлгерді. Сондай-ақ ҚР Президентінің тығыз кестесіне тоқталып өтейік. «Atlantic council» сараптау орталығының саяси топ мүшелерімен кездесуден бөлек, америкалық бизнес капитандарымен басқосу жоспарланған. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясына қатысады. Яғни америкалық бизнес қауымдастықтармен өткен кездесуден кейін әлемдік қауымдастық алдында өзінің мәлімдемесін жасайды. Президент мәлімдемесі негізінен әлемдік климатты жақсарту, кедейшілікті жою және де тұрақты дамуға арналып отыр. Осы тұрғыда Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық саясат, қазақстандық ұстанымды таныстыруды көздеп отыр. Бізге белгілі болғандай осы 74-ші сессияға Қазақстаннан ауқымды делегация өкілдері келген.