Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық бизнес өкілдерімен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бизнес өкілдерімен кездесуде осылай деді. Америкалық бизнес қауымдастықпен жалпы құны 1 млрд доллардан астам қаржыға жаңа жобаны жүзеге асыруға уағдаласты. Елімізде америкалық инвесторлардың қолдауымен ауыл шаруашылығы саласында ауқымды жоба жүзеге асуы мүмкін. АҚШ-тың екі компаниясы жобаға 1,3 млрд доллар қаржы салуға дайын. Ал америкалық «Plug and Play» компаниясы қазақстандық стартаптарды қолдауға грант ретінде 3 млн долларға жуық қаржы бөлмек. Қасым-Жомарт Тоқаевпен арнайы кездесуге «Master card», «Amazon Web Services» және «Royal Dutch Shell» компанияларының басшылары да келді. АҚШ – елімізге ең көп инвестиция құйған мемлекеттің бірі. Көрсеткіш 45 млрд долларға жетті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен де кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Өркениеттер Альянсы жер шарындағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге және өркениетаралық диалогты қолдауға үлкен үлес қосып келеді. Қазақстан өзара ынтымақтастыққа дайын. Мәселен, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ұсынған діни ғибадат орындарын қорғау бойынша іс-қимыл жоспарына толыққанды қолдау көрсетеміз.
Қазақстан тарапы сессия отырыстарында сан түрлі бастамалар көтеріп те үлгерді. БҰҰ-ға мүше бірнеше мемлекет алғашқы медициналық көмекті арттыру жөніндегі Астана декларациясын бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты.