Қазақстан мен АҚШ қатынастары туралы еліміздің бірінші Сыртқы істер министрі пікір білдірді
Төлеутай Сүлейменов, ҚР Сыртқы істер министрі /1991-1994 жж./:
- Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыс дамыды. Инвестиция жағынан болсын, ядролық қаруға байланысты саясат та бар, тағы мәселелер екіжақты қаралды. Елбасы 6 рет осы мәселені көтеріп, БҰҰ мінберінде сөз сөйледі. Қазіргі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та сол бастаманы көтерді. Ауғанстан мәселесі де қаралды. Сондықтан сөзді қорыта келсек, Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді.