Уильям Мозер: Қазақстанның бастамалары – өзге елдерге үлгі
Қазақ елі шиеленiстердi бейбiт жолмен шешуге үлкен үлес қосып келеді. Осы тұрғыдағы ұстанымы қазір көпке үлгі. АҚШ-тың еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер арнамызға берген сұхбатында осылай деді. Американдық дипломат Қазақстанның өңірлік қақтығыстарды реттеу ісіндегі рөлі мен үлесін ерекше атап өтті.
Уильям Мозер, АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
- Президенттің «БҰҰ жаһандық сын-қатерлерді шешуде маңызды рөл атқарып келеді» деген сөзімен келісеміз. Осы ретте бұл іске Қазақстанның да қомақты үлес қосып жатқанын атап өткім келеді. Сириядағы соғыс ошағынан азаматтарды құтқаруға арналған операциясы – осыған дәлел. Соның нәтижесінде оларды елге қайтару мүмкін екендігін және оны орындауға болатынын көрсетті. Қазақстанның осы істегі көшбасшылығын өзге елдер мойындады. Қазақстан сарбаздарының БҰҰ-ның миссиясына қатысып, Ливанда қызмет етуі тағы бір маңызды қадам болды.