Еріктілер қызметі еңбек өтіліне енуі тиіс
Еріктілер қозғалысын кеңінен насихаттау мақсатында осы салаға халықтың әртүрлі топтарын, атап айтқанда студенттерді, дәрігерлер мен мұғалімдерді және аға буын өкілдерін тарту көзделіп отыр. Осылайша корпоративті еріктілер ұйымын дамыту жоспарда бар. Бұл қазақстандық еріктілердің халықаралық деңгейдегі шараларға қатысуына мүмкіндік бермек. Айта кетейік, қазір елімізде еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған 7 ұлттық жоба әзірленді.
Әлия Ғалымова, ҚР Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы:
- Жалпы ұлттық жобалар аясында әртүрлі сала бойынша азаматтарды қолдауға 300 мың теңгеге дейін шағын гранттар беру жоспарланып отыр. Осындай гранттардың саны 400-ден аспақ. Келесі жылы Еріктілер жылының басталуына байланысты оларды кеңінен насихаттау мақсатында бірқатар іс-шара өткізіледі. Жылды қорытындылаған соң қазақстандық және шетелдік еріктілерге «Жыл еріктісі» сыйлығы табысталмақ.