Петропавл қаласындағы өнер колледжінің оқытушысы 86 пианист тәрбиелеген
Шәкірттері оны «Бетховеннің жалғасы» деп атап кеткен.
Чайковский, Шопен, Дебюсси, Равельдердің романстарын Елена Мещеркина ерекше талғаммен орындайды.
Елена Мещеркина, өнер колледжінің оқытушысы:
- Ол менің өнерімді көріп: «Осындай шағын ғана қалада талантты пианиспен кездесемін», – деп ойламадым. Бұл – өте жоғары баға. Содан кейін ол маған хат та жазды.
Елена Мещеркина фортепианода бес жасынан ойнай бастады. Бүгінде білгенін жастарға үйретіп жүр. Ол бұл жолда 86 пианист тәрбиелеп шығарған. Солардың бірі – София Масленникова.
София Масленникова, өнер колледжінің студенті:
- Музыка – құдіретті өнер. Елена Мещеркина менің жан-дүниеме жақын туындыларды таңдайды. Оны сезіне орындау – бір бақыт.
Дарынды музыкантты толғандыратын бір мәселе бар. Ол – ескі аспаптар. Елена Мещеркина сонда да өнермен өмір сүреді.
Елена Мещеркина, өнер колледжінің оқытушысы:
- «Туған жеріңде кәдеге жара» дейді. Мен осында оралып, өнерге тынбай қызмет етіп келемін. Одан асқан бақыт жоқ. Туған өлкемді жақсы көремін.
Жақында Қазақстанның білім беру ісінің үздігі 70-ке толды. Ол зейнет жасында болса да, өнерден қол үзген жоқ. Музыка – оның өмірі.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов