Сыбайлас жемқорлықты жою жолдары талқыланды
Бұл туралы елордада Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия тараптары ассамблеясының 8-отырысында айтылды. «Сауд Арабиясының тәжірибесіндегі бұл тәсіл мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді», – дейді мамандар. Яғни мемлекеттік қызметке кіріскен әр маман бірінші парасаттылық мектебінің оқуынан өтеді. Ассамблея жұмысына әлемнің 40 елінен 130-дан астам маман қатысып, тәжірибе алмасты. Қатысушыларды Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев ел Президенті атынан құттықтады. Онда Президент Қазақстанның жүйелі түрде мойындалған халықаралық стандарттардың негізінде сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізіп келе жатқанын айтты. Қазір еліміз сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі азайтуға бағытталған реформалардың жаңа пакетін дайындап жатыр.
Айгүл Көшербаева, ҚР Мемлекеттік басқару академиясы ректорының орынбасары:
- Қазақстанда қазір осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия қабылданған болатын. Осы бойынша мемлекет өзінің жұмыс жоспарларын жүргізіп отыр. Соның ішінде негізгі тақырып осы сыбайлас жемқорлық болып отыр.
Шәкір Әл-Салих, парасаттылық орталығының бас директоры:
- Мемлекеттік қызметтік ұйымдар жалпы қоғам алдында ашық болуы тиіс. Қазақстан бұл тұрғыдан алғанда біршама алға жылжи бастаған. Біздің елде де жемқорлыққа қарсы нақты қадамдар жасалып жатыр. Мысалы Мемлекеттік қызметкерлерге арналған парасаттылық мектебі бар. Онда кез келген қызметкер оқып, білім алады. Бұл тәжірибе қай елге де қажет деп ойлаймын.