Нұрсұлтан Назарбаев: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте шетелдік тәжірибені ескеру керек
Алик Шпекбаев Елбасыға агенттіктің атқарып жатқан жұмысы жайында есеп берді. Жемқорлыққа қарсы қабылданған бағдарламалардың атқарылу барысы туралы да айтты. Нұрсұлтан Назарбаев агенттік төрағасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте шетелдік тәжірибені ескеру керектігін еске салды.
Алик Шпекбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
- Сіз берген тапсырмалар бойынша жұмыс жүріп жатыр. 2018 жылғы Жолдауыңызда айтылған бағыттар да ескерілді. Тікелей тапсырма берілді, әр облыстың көлемінде «Адалдық алаңы» офистері ашылды. Енді аудандар аумағында кеңейтеміз.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Агенттіктің жұмыстарын қайта-қайта шыңдай беру керек. Оның барлығына біз шешім қабылдадық қой. Сингапурді, басқаларды айтамыз. Солардың тәлім тәжірибесін алып енгізуіміз керек. Бұған көпшіліктің өзі қосылмаса болмайды.