Алматылық келіншек 20-қабаттан секірмек болды
«102» номеріне қаладағы тұрғын үй кешендері бірінің балконында әйел отыр деген хабар түседі. Айтылған мекенжайға дереу «Боран-080» патрульдік экипажы жіберіледі. Көрші үйдің тұрғындары да секірмек болған әйелді сөзге айналдырып, уақыт соза тұрған.
Тәртіп сақшылары 20-қабатқа көтеріліп, балконның шетінде отырған әйелді қапсыра құшақтап алады. Әйелдің қасындағы арбада алты айлық нәресте болған екен. 26 жастағы келіншек мұндай қадамға неліктен барғанын түсіндіре алмаған. Әзірге некеде екені және күйеуінің басқа қалада жұмыс істейтіні ғана белгілі.
Саят Бекжанов, қалалық Полиция департаменті жол-патрульдік полиция полкінің инспекторы:
- Бізге 12:40 шамасында кезекші бөлімнен ақпарат түсті. 20-қабаттан әйел адам секірмекші болып жатыр деп айтты.Біз 3 минут шамасында сол мекенжайға жеттік. Келген кезде бірден әйел адамды көрдік, балконнан секірмекші екен. Әріптесім екеуіміз құтқарып қалдық.