Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді әлеуметтік желілер арқылы алатын болады
Осы орайда «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облыстық филиалы жаңа жобаны іліп алып кетіп, халыққа үйретуді бастап кетті. Бұл қызметті пайдалану үшін алдымен мобильді азаматтар базасында тіркелу керек. Қажетті анықтамалық құжатты egov.kz порталына кірмей-ақ ала алады. Бүгінгі күні Telegram-бот желісі арқылы 25 мемлекеттік қызмет түрін алуға болады. Ал Facebook желісінде 15, ВКонтакте жүйесінде 19 қызметтің түрі қолжетімді.
Рашид Аюпов, қала әкімі:
- Ақылды аялдама жүйесіне көшіп жатырмыз. Ішінде салқындатқышы, Wi-Fi, қауіпсіздік камералары бар және ыдыстарды бөліп салатын жәшіктермен қамтылған. Жалпы келісім бойынша инвесторлар тарапынан 35 осындай «ақылды» аялдамалар орнатылатын болады.