Өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктері өзімізде құрастырылады
Урал ауыр жүк көліктері негізінде жасалған тілсіз жаумен күреске арналған машина салмағы 20 тоннаны құрайды. Арнайы техника заман талаптарына сай. Ең бастысы, көптеген бөлшегі өзімізде жасалған, әзірге қазақстандық мазмұн 38%. Болашақта ұлғайтылмақ. Жалпы елде өрт сөндіру техникаларының көбі ескірген, 800-дей машинаны жаңалау керек. Биыл жыл соңына дейін төтенше жағдайлар комитетінің тапсырысымен 77 көлік құрастырылмақ. Сонымен қатар кәсіпорында жедел жәрдем көлігінің жетілдірілген нұсқасын шығару жоспарланған. Қазір пилоттық техника құрастырылып, жаңа желіні іске қосуға дайындық жүріп жатыр.
Жандос Ілиясов, кәсіпорынның техникалық директоры:
- Бұл өрт сөндіру машиналарының су сыйымдылығы 5 мың литрді құрайды. Бұл биылғы тапсырысқа байланысты болады. Ал негізі 4 мың литрден 10 мың литрге дейін жасаймыз. Мұның су шашу биіктігі әртүрлі тапсырысқа байланысты.