Алматыда жүздеген үй ыстық сусыз қалды
Кезекті жылыту маусымына бір ақ күн қалғанда болған апаттың ауқымы қандай?
Алмас Садуақас, тілші:
- Су құбыры қаладағы Райымбек пен Бөкейханов көшелерінің қиылысында жарылды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға түске таяу болған. Апат салдарынан бірнеше көлік суда қалып, көлік иелері суға күйіп қалған.
Қала тұрғыны Максим түске таяу уақытта Рысқұлов көшесінен Бөкейханов көшесіне бұрылады. Ойпатта жерде ыстық судың жиналып жатқанын байқаса да тоқтамаған. Астындағы көлігіне сенімді болғанымен, су ортасына келгенде көлік суға батты.
Максим Маленков, қала тұрғыны:
- Кептелісті айналып өту үшін осы көшеге түстім. Әуелде су деңгейі дәл осындай терең емес еді. Мен жылдам өте шығамын деп ойладым. Бірақ ол ойым жүзеге аспады. Санаулы сәтте көлігім суға батты. Дереу құжаттарымды алып, көліктің үстіне шығып, құтқарушыларды күттім. Бірақ олар тез келе қоймады.
«Көлге айналған көшеден өте шығамын» деген Максим ғана емес. Үщ көлік суға батқан. 60 градус ыстық су кешкен үшеуіне жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетті. Ыстық судан басқа ешкім зардап шеккен жоқ. «Ал жылу құбырынынң тесілуіне құбырдың әбден ескіргені себеп», – дейді мамандар. Салынғанына 50 жылдай уақыт болса да, осы уақытқа дейін күрделі жөнделмеген. Ал апаттан зардап шеккендереге өтемақы беріледі.
Әсет Масабаев, Алматы қалалық Энергетика басқармасының басшысы:
- Сақтандыру жағдайлары болса, оның бәрін өзіміз көтеремз. Бізде магистральдің жобасы бар. Жұмысты биыл бастағанбыз. Яғни бұл бағытта жұмыс жасалып жатыр.
Алмас Садуақас, тілші:
- Жалпы қаладағы жылу жүйелері мен су құбырларының 60% әбден ескірген. Энергетика басқармасының өкілдері бұл құбырларды жасаймыз деп отыр. «Су құбыры толық жөнделіп, осы аймақтағы 30-дан астам көпқабатты үйлер мен 95 жеке сектордағы үйлерге ыстық су беріледі», – деді мамандар.
Авторлары: Алмас Садуақас, Кенже Амраев