Шымкенттегі бұрынғы монша ғимараты мектепке айнала ма?
Мектеп-лицейнің директоры Сәуле Қалыбекованың айтуынша, оқу ордасында жалпы 4350 бала бар. Дегенмен ата-аналар мен қоғам белсенділерінің қарсылығынан соң, моншадағы сабақ уақытша тоқтатылған болатын. Яғни бұл ғимаратта бала оқытуға санитар мамандар тарапынан ресми рұқсат берілмеген. Мектеп ғимараты мәселесін өз бақылауына алған Nur Otan партиясының жергілікті филиалы қазір білім ұясын толығымен зерделеуде. Бұл жалға алатын ғимаратта алдағы уақытта бастауыш сынып оқушылары білім алмақ. Ал жоғары сыныптың оқушылары қазір көрші мектептерге қатынап оқып жүр. Бір ай шамасында ғимаратты барлық талапқа сәйкестендіремін деген мердігер әлі де мекеме құжаттарын толығымен даярлап бітпеген. Енді бұл мәселе қараша айына шегеріліп отыр. Ал санэпидемиолог мамандар мектеп ғимаратын жуырда тексерістен өткізген.
Ералқасын Түктібай, Тауарлар, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:
- Бізге мектепті ашу туралы ешқандай өтініш түскен жоқ. Бірақ дегенмен бұлардың сөздері бойынша, мектеп дайын. Енді қажетті құжаттар дайын болып, бізге өтініш түскеннен кейін барып оны көріп, ашуға рұқсатымызды береміз. Зерттеу зертханалары жүргізілді. Барлығы санитарлық талаптарға сәйкес.