Ауа құрамындағы зиянды заттар мен қалдықтар туралы мәліметтер базасы құрылады
Мәжіліс ластауыштардың шығарылуы және тасымалын тіркеу туралы хаттаманы мақұлдады. Заң жобасы Орхус конвенциясын жүзеге асыруға бағытталған. Былтыр елімізде 2,5 млн тонна ластауыш зат бөлінген. Құжат негізінде қоршаған ортаның ластану деңгейі туралы ақпарат халыққа қолжетімді болуы тиіс. Ауаға бөлінетін суға тасталатын қауіпті химиялық заттар мен өнеркәсіп нысандарынан шығатын зиянды қалдықтардың жыл сайынғы көлемі туралы ақпарат топтастырылған кадастр жүйесі енгізіледі. Мәліметтер автоматтандырылып, арнайы веб-портал келесі жылы іске қосылмақ. Қазақстан хаттаманы Орталық Азияда алғашқы болып қолдап отыр.
Снежана Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Хаттаманың 15-бабында жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша қатысушылардың міндеттері жазылған. Осы бапта халықтың тіркелімге қол жеткізуіне тараптардың көмекгі беріледі деп айтылған. Бұл қандай көмек және бұл көмек қалай көрсетіледі?
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
- Халыққа тиісті ақпарат беру үшін ең біріншіден, Орхус орталықтарымен біз кері байланыс құруымыз керек. Сондықтан да әр ұсыныс міндетті түрде назарға алынады. Біз жауапты жұмысты атқарамыз.