+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Ақтөбеде Жалаңтөс Баһадүрге ескерткіш орнатылды

  • Категория: Сюжеттер
Zhalantos
Zhalantos

Орталық Азияның тарихында ойып тұрып орын алған Самарқанның әмірі ХVI-ХVII ғасырларда өмір сүрген.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында батырдың өмір жолына арналған халықаралық конференция да өтті. Оған еліміздің тарихшылары мен Ресей, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстанның ғалымдары қатысты.

Айғырды ерттеп мінген Жалаңтөс Баһадүрдің мүсіні туған жерін қорғауға аттанған сәтінен сомдағандай әсер қалдырады. Заманының озық білімді азаматы ел басқару, саясаттану, жаратылыстану, сәулет өнері саласында ойға түйгенін іс жүзінде қолдана білген. Баһадүр билеген заманда Самарқан Орталық Азиядағы ең қауіпсіз қала болыпты.

Жеңіс Жұбанқосов, мүсінші, ескерткіштің авторы:

- Бұл жұмыста біздің ата-бабамыздың рухын, оның ішкі жандүниесін, басшы екенін көрсеткіміз келді. Атының секіріп тұрғанының өзі оның күштілігін білдіреді.

Биіктігі 5 метрден астатын қола мүсін Ресейде құйылған. Ерекшелігі жануардың аспанға қарғып тұруында. Тұғырына үш тағанмен ғана бекітілген мүсіннің елімізде баламасы жоқ. Ескерткіш «Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы» қайырымдылық қоры бөлген 110 млн теңгеге орнатылды.

Оңдасын Оразалин, Ақтөбе облысының әкімі:

- Соңғы жылдары Елбасының бастамасымен қаламызда көне тарихтан сыр шертетін қоғам қайраткерлері мен тарихи тұлғаларға көптеген ескерткіш көтерілуде. Ал мына ашылып отырған Жалаңтөс Баһадүрдің ескерткіші де халқымыздың даңқты қолбасшысына көрсетілген ерекше құрмет деп білеміз. Халқына еңбегі сіңген тұлғаларына лайықты құрмет көрсету, есімін ел жадында қалдыру – еліміздің даңқы, елдігіміздің нышаны, келер ұрпаққа тереңінен сыр шертер тарихи жәдігер.

Тарихта Ұлықбек пен Әмір Темірдің ізін жалғастырушы деген атаққа ие болған Жалаңтөс батыр туралы деректерді еліміздің ғалымдарынан бөлек шетелдіктер де зерттеп жүр. Мәселен, Ақтөбеде өткен ауқымды шараға Түркия, Әзербайжан, Ресей мен Өзбекстанның да тарихшылары қатысты.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков

Сондай-ақ...

Серіктестердің жаңалықтары

Загрузка...