Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1200 жоба қолға алынды
Оған әлемнің 20 елінен осы саланың мамандары келді. Бізде жұмыс істегеніне төрт жыл ғана болған сан-саланы дамытатын әдістің бүгінге дейін жеткен жетістіктері осы жиында айтылды.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заң Қазақстанда 2015 жылы қабылданған. Бүгінге дейін оның аясында 1200-ден астам жоба жасалуда. Жап-жақсы нәтиже. Жалпы билік пен кәсіп иесінің бірлесуі несімен тиімді? Мамандардың айтуынша, оның түсінігі көп.
Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Әлемде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің дамып жатқан тәсілі көп. Әдетте инвестор белгілі нысанды салып, тиісті уақыт аралығында оның ақшасын мемлекеттен алса, кей жерде керісінше әрі нысан салып, әрі мемлекетке ақша төлеп отыраған жобаларда кездеседі. Олардың өміршеңдігі туралы айтар болсақ, Эйфель мұнарасы, Еуротуннель, Суэц каналы сынды жобалар әлемдік танымалдылыққа ие.
Яғни дұрыс қолданып оның пайдасын көріп жатқандар көп. Әлемнің 20 елінен келген сарапшылар алғаш бір салаға ұмтылып кейін қызмет бағытын өзгерткен жобаларда болатындығын тілге тиек етті.
Зиад Александр, дүниежүзілік МЖӘ орталығының президенті:
- Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік басында Франция, Англиядан басталған. Мақсаты ауыл шаруашылығы саласын дамыту болатын. Қазір батыс елінде адами капиталды дамытуға қызығушылық басым. Ал Қазақстанда негізінен инфрақұрылымдық жобаларды жасауға күш салып жатқандығы байқалады.
Солардың бірі – Құрманғазы Ибрагимов. Кәсіпкер компания қаражатына Атыраудың шеткі аудандарындағы 200 көшені жарықтандыруда. Мұны әкімдік неге өзі жасамайды?
Құрманғазы Ибрагимов, компания төрағасы:
- Комиссия құрмайды, тендр өткізбейді. Себебі ұтып алған компания оны жасайды ма, уақтылы бітіре ме белгісіз. Ол тәуекелдің барлығы жеке әріптестіктің мойныныда болады.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік құралы Қазақстанда қолға алынғалы 4 жыл болды.
Талғат Атаев, қазақстандық МЖӘ орталығының басқарма төрағасы:
- Республикалық деңгейдегі ең үлкені – Алматы айналма жолы. Ең кіші жоспарлар – балабақшалар, мектепте асхана, медициналық пунктер ашу.
Форум барысында шетелдік мамандармен тәжірибе аламасу бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.
Ердәулет Байдуллаев, тілші:
- Форумның алғашқы жұмыс күні сәтті аяқталды деуге болады. Жоғарыда айтылған келісімшарттардың арасында Қызылорда қаласындағы колледж студенттеріне жатақхана салу жобасы да бар. 330 орындық ғимарат 5 қабаттан тұрады. Бұл – МЖӘ аясында жасалып жатқан көп жобаның бірі ғана.
Авторлары: Ердәулет Байдуллаев, Әлібек Әлиев