Әдебиет абызы Әбдіжәміл Нұрпейісовке құрмет көрсетілді
Кездесуде Президент халық жазушысына «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісін табыстады. Көрнекті жазушының ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан үлесін сөз етіп, 95 жылдық мерейтойы қарсаңында ең жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мерейтойға келдім. Сізге шын жүректен мықты денсаулық тілеймін. Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан аман болыңыз. Ұлттық, әлем әдебиетіне қосқан үлесіңіз көп. Сондықтан ең жоғары наградамен марапаттап отырмыз.
Әбдіжәміл Нұрпейісов, халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері:
- Осы күндері мен жиі есіме алатын нәрсе, Сізбен қайда кездесіп едім соны ойлап, ұмытпаған екенмін. Егемендік алған еліміздің алғашқы жылы, өзімнің Москвадағы екінші үйім болып кетті. Күтіп алады, шығарып салады. «Городок писателейге» байлап қойып көлікті, Алматыға қайтатын болдым. Енді жүрейін деп жатқанда, елші хабарласқан болатын.