Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодарға барды
Сенат төрағасы елдің басқару жүйесінде жергілікті өзін-өзі басқару толыққанды және күшті буын болуы тиіс екенін айтты. Осыдан соң Дариға Назарбаева Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ғылыми әмбебап кітапханада облыстық және қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Билік пен халық арасындағы үнқатысудағы жұртшылық өкілдерінің рөлі, сондай-ақ қоғамдық кеңестер жұмысының тетіктерін жетілдіру талқыланды. Сенат Төрағасы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында байытылған алюминий өндіру зауытына да барды.
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Сенаттың басты мақсаты – барлық деңгейдегі мәслихаттармен тиімді қарым-қатынас орнатып, бірлесе әрекет ету. Бүгінде палатаның басым бөлігі аймақтардан жасақталады. Олар – бізді әр облыспен байланыстыратын буын. Заң жобалары, мемлекеттік бағдарламалар, өңірлерді дамыту, аумақтық дамыту бағдарламалары – бұл мәселелер бірлесіп қаралып, талқылануы керек. Сонымен қатар бұл тұрғыда бірлесіп еңбек ету қажет.