Қызылорда облысында жөндеуден өткен 10 жол қайта жасалады
Жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары Жалағаш-Жосалы тасжолын жөндеу жұмыстарын тексерді. 700 млн теңге жұмсалған. Жолдың беткі қабатының қалыңдығы 5 см болуы тиіс, бірақ жылжымалы зертхана 1 см жетпейтінін анықтады. Тығыздығы мен тегістігі де талапқа сай емес. Жұмыстар қара күзге дейін созылып, салқын асфальт төселуде. «Оның да технологиясы сақталмай отыр», – дейді мамандар.
Замир Сағынов, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры:
- 1 ауысым бітіп, 2 бөлік қосылған жері келмейді. Стандартқа сай 3 метрлік өлшегішпен анықталады. Ол да келмейді. Асфальттың сапасы өте төмен. Осындай ақаулар бар.
Нұғман Жақұдаев, СЖҚІҚ агенттігі облыс бойынша департаментінің бас маманы:
- Жылжымалы зертханамен 10-шы рет жолға шығып тұрмыз. Жылжымалы зертхананың қорытындысымен 12 кемшілік анықталды. Оның барлығына ұсыныстар беріліп, отырыста қаралып, ол жолдар қайта жөнделетін болып шықты.