Маңғыстау облысында жерасты суын тұщытатын зауыт құрылысы басталды
23 млрд теңге тұратын жоба инвесторлардың қаржысына салынады. Бұл кәсіпорын Маңғыстау мен Атырау облыстарындағы су тапшылығын азайтуға ықпал етпек. Себебі қазір екі аймаққа Ресейден келетін Қиғаш өзенінің суын Қаражанбас кен орны да тұтынып отыр. Тәулігіне 17 мың текше метр су сатып алады. Жаңа зауыт іске қосылған соң, мұнай кенішіне жұмсалатын тіршілік нәрі өңір тұрғындарына беріледі. Құрылыс келер жылдың желтоқсан айында аяқталады.
Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы:
- Технологияға байланысты суды қайтадан жер астына кысыммен жіберудің орнына ол азаяды. Сондықтан да мұның тиімділігі жоғары болады. Мұнайды 750 мың тоннаға көбірек табуға жол ашылады. Екіншіден, электр энергиясы, судың бағасы, басқа да жұмыстың қажеттілігі бүгінгі күндей болмайды.
Ризат Өтегенов, мердігер компанияның директоры:
- Зауыттың аумағы 50 мың шаршы метрден асады. Негізгі цехтың өзі 3м800 шаршы метрді құрайды. Құрылыс кезінде 72 адам еңбек етеді. Ал зауыт іске қосылған соң 50 адамға тұрақты жұмыс ашылады.