1 қаңтардан бастап бензин бағасы қымбаттайды
1 қаңтарда жанар-жағармайдың бір литрінің акциздік құны 10 теңгеге өспек. Бұл жайында Ұлттық экономика министрі мәлімдеді. «Бензин бағасының өсуі азық-түлік пен тауар бағасының қымбаттауына әкеп соға ма?» деген сенаторлардың қаупін сейілтті. Руслан Дәленовтің ойынша, бензин бағасының болмашы өсуі инфляцияға еш әсер етпейді. Ал Ұлттық банк төрағасы: «Бұл қымбатшылықтың әсерін бәрібір халық сезінеді», – деп отыр.
Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:
- Биылғы жылы жанар-жағармай бағасы арзандады. Соның арқасында азық-түлік емес тауарларды, мысалы көмірдің бағасын 4,6% тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік берді. Дегенмен кез келген бағадағы өзгерістің әсері болады. Сондықтан біз Үкіметпен бірлесіп азық-түлік бағасының қымбаттамауын бақылауда ұстайтын боламыз.