Еріктілікті дамытудың 7 бағыты қарастырылған
- Категория: Сюжеттер

Бұл туралы Жастар жылының жабылуына арналған шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Осы жобалардың негізінде келесі жылдан бастап еріктілерді қолдау орталықтары құрылады. Мысалы, «Bilim» бағыты ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқытуға бағытталған. «Saýlyq» бағыты медициналық еріктілікті дамытып, науқастарға қамқорлық көрсетуді көздейді. Ал «Taza Qazaqstan» жобасы қоршаған ортаны қорғауға үйретеді. Басқа да жобалар атауларына қарай осы секілді жүйелі жұмыстарды жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ тұрақты еріктілер қатарындағы жастардың енді әр сағаты есептеліп, оларға еңбек өтілі енгізіледі.
Еріктілікті дамытудың 7 бағыты:
- Bilim
- Sabaqtastyq
- Saýlyq
- Taza Qazaqstan
- Asyl мura
- Qamqor
- Úmit
Тегтер:
ерікті,
еріктілік,
Мемлекет басшысы,
Taza Qazaqstan,
Bilim,
Saýlyq,
Sabaqtastyq,
Asyl мura,
Qamqor,
Úmit,
Жастар жылы,