Тәуелсіздік күні қарсаңында елдігімізді нығайтып, егемендігімізді тұғырлы ету жолында аянбай еңбек еткен бір топ журналист марапатқа ие болды. Олар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғысымен марапатталды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.