Ақмола облысында 9500 кәсіпорын жұмысшылардың жалақысын көтерді
Ал еңбекақысына үстеме қосылғандар негізінен төмен жалақы алатын жұмысшылар. Осылайша биыл аймақта 150 мыңнан астам маманның айлығы көтерілген. Жалпы өңірде қазір бас-аяғы 14 мыңға жуық кәсіпорын мен ұйым бар. «Қалғандарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр», – дейді еңбек инспекторлары. Ал ең бастысы, жұмысшыларына 500 млн теңгеден астам берешек болып келген бірнеше кәсіпорын қарыздарынан құтылған.
Берік Мұстафин, Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:
- Қазіргі күні бізде 5 кәсіпорын қалып отыр. Оларда 81 қызметкер істеп жүр. 11 млн теңгеден астам қарыз қалған. 16 желтоқсанның алдында жұмысты істеп жатырмыз.