Журналистер арасында бильярдтан сайыс ұйымдастырылды
Сайысқа БАҚ өкілдері мен ақпарат айдынының ардагерлері қатысты. V мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі додада есімі елге таныс 24 азамат бақ сынады. Сөз мергендері көз мергеніне айналды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, 8 сағатқа созылған додада І орынды «Казахстанская правда» газетінің фототілшісі Мақсұт Иржанов олжалады. Ал ІІ орынды Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз еншіледі. ІІІ орын журналист, «Orda FM» радиосының директоры Ержан Жүніске бұйырды. Жүлделі орын мен арнайы алғысқа ие болған ойыншыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі
- «Хабар» ұжымына осындай керемет шараны ұйымдастырғанына алғыс айтқым келеді. Бұл – достықтың, бірліктің, тұрақтылықтың кепілі іспеттес шаралардың бірі. Журналистердің ауызбірлігін үлкен дейгейге көтеріп жатыр.
Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары:
- Басты мақсатымыз – журналистер, микрофон ұстаған азаматтармен жұмыстан тыс бейресми жағдайда кездесіп, шүйіркелесуі, шығармашылық жаңалықтармен бөлісіп, тәжірибе алмасуы. Осы тұрғыдан алғанда бұл турнир пайдал деп білеміз.