Асқар Мамин бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады
«Құрмет» орденімен Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов, Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева, Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары Асқар Жәкенов марапатталды. Сонымен қатар министрліктер мен ведомстволардың бірқатар қызметкері «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.