Ұлыбританияда өткен парламенттік сайлауда Борис Джонсонның партиясы жеңіске жетті
Бұл – Маргарет Тэтчердің 1987 жылғы жеңісімен пара-пар. Ал партияның басты қарсыласы Джереми Корбин бастаған лейбористер 200 мандатқа ие болған. Exit poll нәтижелері расталған соң Борис Джонсон: «Біз – халықтық Үкіметпіз», – деп мәлімдеді. Ол өз жеңісін «тарихи» деп атап, күні-түні көз ілмей жұмыс істеуге уәде етті. Енді Ұлыбританияны Еуроодақ құрамынан кедергісіз шығаруға консерваторлардың мүмкіндігі жетіп қалуы мүмкін.
Борис Джонсон, Ұлыбритания Премьер-Министрі:
- Үкімет жаңа қуатты мандатқа ие болды. Енді Брекситті еркін жүзеге асыра аламыз. Елді біріктіріп, Ұлыбритания халқының мүддесі үшін жұмыс істейміз. Бірінші кезекте денсаулық сақтау жүйесін жетілдіреміз.