АҚШ Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиясын жариялады
АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Мұхтар Тілеубердімен кездесуден соң баспасөз мәслихатын өткізіп, биыл Вашингтонның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы жанданғанын жеткізді. «Қазақстандық министрдің бұл сапары Орталық Азиямен арадағы серіктестікті тереңдетуге үлес қосады», – деді. Сондай-ақ америкалық дипломат журналистердің сауалына жауап беру кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары елдегі шынайы демократия мен қоғамдық пікірдің көріністері екенін айтты. АҚШ Қазақстанның Сирия мен Ирактағы азаматтарын елге қайтару жөніндегі көзқарасын да құптады.