Хабар телеарнасы

«Mega» ойын-сауық орталығы жаңажылдық тосынсый ұйымдастырды

Бас жүлделер «Jaguar» автокөлігі, сондай-ақ БАӘ мен Лондонға екі адамға арналған жолдама ұтысқа түсті.

«Mega Alma-Ata» және «Mega Silk Way» сауда ойын-сауық орталығында автокөлік ұтысы ұйымдастырылды. Ауқымды ұтыс ойыны Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында бір мезгілде өтті. Купондарды ойын-сауық орталығына келген кішкентай балалар таңдады.

Бас жүлде «Jaguar» автокөлігі 29 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынына бұйырды. Алматыға қыдырып келген Мақпал Ержанова акция аясында сауда жасаған. «Mega Plus» бағдарламасының серіктес-дүкендерінен 15 мың теңгеге киім-кешек алып, бір купонға ие болған.

Мақпал Ержанова, «Mega»-дан «Jaguar» ұтып ал!» акциясының жеңімпазы:

- Үш жеңсіз жейде алдым, қызыма бір көйлек алдым. Бар болғаны осы. Бірақ ұтатынымды іштей сезген сияқтымын. Бағың жанса, бәрі жақсы болады. Өте қуаныштымын! Ризамын.

Жеке кәсіпкер Роман Варфоломеев әйелі Юлия екеуі «Mega»-дағы акция кезінде өте көп сауда жасапты. Екі алматылық 300 купоннан артық жинаған. Әйелінің арманы орындалып, олар Лондонға жолдама ұтып алды. Ұтыс ойынындағы тағы бір қомақты жүлде Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдаманы шеберхана жетекшісі Станислав Слектор иеленді.

Станислав Слектор, «Mega»-дан «Jaguar» ұтып ал!» акциясының жеңімпазы:

- Көк көлікті көріп, бірден қызығушылығымыз оянды. «Қандай акция екен? Қатысу тәртібі қалай?» деп сұрастырдық. «Содан қатысып көрейік» деп шештік. Шынымды айтайын, ұтамын деп ойлаған жоқпын. Дегенмен, сәттілік серік болып, ұтыстың бір жүлдесі бұйырды. Қуанышымда шек жоқ.

«Mega» ойын-сауық орталықтарындағц акциялар мен ұтыс ойындарына назар аудара жүріңіздер!», – дейді ұйымдастырушылар. Бағыңыз жанса, жүлделі болуыңыз да ғажап емес.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Валентин Лобанов