Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды тағайындаулар жасады
Оған сәйкес Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған Дархан Кәлетаев қызметінен босатылды. Оның орнына Мәулен Әшімбаев келді. Ол осыған дейін Президенттің көмекшісі қызметін атқарып келген болатын. Президент көмекшісіз қалған жоқ. Бұл қызметке Энергетика министрі болған Қанат Бозымбаев тағайындалды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының жарлығымен зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі болған Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды.
Тағы бір тағайындау. Осыған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары міндетін атқарып келген Мәдина Әбілқасымова енді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тізгінін ұстайды.