Алматыда қисайған үйге байланысты арнайы штаб құрылды
Бұл туралы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев мәлімдеді. Штаб таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Оның айтуынша, тұрғындарға өздері қалаған жерден пәтер жалдауға болады. Тек келісімшартты көрсетулері тиіс. Әзірге келісімшартты 3 айға жасауға рұқсат берілген.
Саят Ағыбаев, Алатау ауданы әкімінің орынбасары:
- «Осы үйдің сараптама қорытындысы шыққанға дейін сіздерді қалалық әкімшілік осы штаб арқылы басқа жерге көшіруге дайын» деп ұсыныс бердік. 72 пәтер иесі бізге 54 келісімшарт алып келді. Енді «қалған 18-і бүгін-ертең келісімшарт алып келетін шығар» деп ойлаймын. Алып келмесе, біз оларға көмек беруге дайынбыз.