Вице-премьер Бердібек Сапарбаев іссапармен Жаңаөзенге барды
Сапар мақсаты – Президент жолдауында айтылған тапсырмалардың жүзеге асуымен танысу. Министрліктер мен ведомство өкілдері алдымен қала іргесінде бой көтерген индустриалды паркке барды. Жоба «Моноқалаларды дамыту» 2012-2020 жылдарға арналған бағдарлама аясында төрт жылда жүзеге асып отыр. Аумағы 30 гектарлық парк инженерлік инфрақұрылыммен толық жабдықталған. Мұнда жер учаскесін алып, өнім шығарғысы келетін кәсіпкерге кедергі жоқ. Бүгінде 9 жоба мақұлданған. Қатарында жиһаз, пластикалық бұйымдар шығаратын кәсіпорын мен агроөнеркәсіптік кешендер бар. Таяуда тағы 19 сервистік жоба іске қосылмақ. Үкіметтің жұмыс тобы жеке инвестицияға салынған спорт сарайын аралаған соң мектеп-гимназияда қала халқымен жүздесті. Жолдауда айтылған міндеттемелерге тоқталып, тұрғындар сауалына жауап берді.