Биыл сауда айналымы 16 млрд 645 млн АҚШ долларына жетті
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3% көп. Жалпы сауданың 92% Ресеймен болған. Ал Қырғызстанмен 4%, Беларусьпен 3,6%, Армениямен 0,1%. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан сауда қатынастарында ЕАЭО-мен қатар әлем елдерімен де тығыз байланыс орнатқан.
Жұмабек Сарабеков, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы:
- Біз ЕАЭО емес, әлемдік нарыққа ашықпыз. Тауарлардың белгілі бір бөлігі бізге ЕАЭО-ның емес, ДСҰ тарифтері бойынша импортталады. Біз бұл жерде ЕАЭО ықпалын теңестіруге тырысудамыз. Бұл жерде біз барынша әлемдік нарықтан алыстамауға тырысудамыз. ДСҰ-мен мүшелік мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.