Каспийге батқан қызды құтқарған жас полицей батыр атанды
Салтанатты шараға Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысты. «Жас өнертапқыш», «Бейбіт кезең батыры», «Жас ақын», «Жомарт жүрек» секілді басқа да аталымдар өз саласында жаңалық ашып, мыңның ішінен суырылып шыққан дарындыларға берілді. Мәселен, зағип жандарға арналған ақылды таяқша ойлап тапқан Айнұр Қуанова, 10-қабаттан секірмекші болған әйел адамды, теңізге батып бара жатқан қызды құтқарып қалған Тимур Жұмалиевтер де осы сыйлыққа лайық деп танылды. Премьер-Министрдің орынбасары биыл мемлекет тарапынан ел жастарына жасалған қолдау келер жылы да жалғасатынын айтты.
Нұрсұлтан Жұбатқан, жасөспірімдер арасында самбодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы:
- Ағам мен әкем спортшы, кішкентайымнан соларды көріп өстім. 6 жасымнан бастап дзюдоға келдім. Қазіргі менің жеткен жетістігім көп, 2 дүркін Еуропа чемпионы, Қазақстанның самбодан бірнеше жүлдегерімін. Мұнымен әлі де тоқтап қалмаймын. Алдағы мақсаттарымды орындаймын. Мақсатым – әлем және Олимпиада чемпионы болу.