Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі арқылы түйткілді мәселелер билік құлағына жетті
Кеңес мүшесі Бекболат Тілеухан осылай дейді. Айтуынша, осыған дейін айтылған мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмаған. Отырыста бірқатар атқарылған жұмыстың нақты нәтижелері жария болды. Яғни саяси мәдениеттің жоғарғы дәрежесін көрсетіп отырып, қоғамдағы жақсы өзгерістің болуына Ұлттық кеңестің қосқан үлесі айрықша екенін айтты.
Бекболат Тілеухан, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
- Ұлттық кеңестің жұмыс істеу барысына байланысты айтатын болсақ, 3-4 сағатқа дейін өткен кездер де болды. Мұнда қаралған мәселелер Үкімет мүшелері тарапынан қолдау алып, солармен тікелей диалогқа барып, министрлердің өзімен келісе отырып, нақты нәтижеге жеткеніміз қуантарлық жағдай.
Жамбыл Ахметбеков, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
- Саяси партияны құру үшін қазіргі заң аясында 40 мың мүшесі болуы керек. Олардың қолын жинап болса, тіркеуге Әділет министрлігіне беруге болады. Ал қазіргі таңда оны кеңес мүшелері айтқаннан кейін тыңдалып, ол 20 мың партия мүшесі болуға дейін төмендетілді. Бұл – жақсы жаңалық. «Партия құрамын» дейтін белсенділер болса, өз ойларын Парламентте айта аламын дейтіндерге үлкен мүмкіншілік.