Хабар телеарнасы

Қазақстанда Парламенттік оппозиция институты пайда болады

Тіпті партия жетекшісі Азат Перуашев дайын заң жобасы бар екенін айтады. Халықаралық тәжірбиелерге сүйеніп, Еуропа мен Азия елдерінің заңдарын басшылыққа алып жоба жасапты. Жақын күндері Үкіметке ұсыныспен шығуды жоспарлап отыр.

Азат Перуашев, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Президенттің тапсырмасын пайдалана отырып, біз бұл заң жобасын бірден шығарып, оны Үкіметке ресми түрде жібереміз. Заң жобасындағы «парламенттік оппозиция» деген ұғым нені білдіреді? Оның құқықтары мен кепілдіктері қандай болуы керек? Парламенттік оппозиция құқығының шектелмеуі, әділетсіздік жасамау дегендей талаптар көрсетілген. Қасым-Жомарт Тоқаев мырза бюджет туралы саяси жағынан өте жақсы айтты. Үкіметтің жұмысы: бюджетті қарастыру, бюджетті бекіту және бюджетті бақылау. Бұл құзыреттер – оппозицияның қолындағы мәселе.