Ұлттық кеңесте қоғамдағы өзекті мәселелер көтерілді
Сондай-ақ Президент партиялардың сайлау тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30% міндетті квотаны қарастыру қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек заң шығару органындағы саяси азшылықтың құқығын бекітетін заңнамалық норма енгізілетін болады. Бұл әртүрлі партия өкілдерінің Парламенттегі кейбір комитеттерді басқаруына мүмкіндік береді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде көтерілген мәселелерге қоғам белсенділері де өз пікірлерін білдіріп жатыр.
Марат Сәрсембаев, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ғылыми сарапшысы:
- Президент 30% квота жайында нақты айтып, оның қажеттілігін түсіндіріп өтті. Бұл – біздің қоғамдағы өзекті мәселенің бірі. Сайлау тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30% міндетті квотаның болуы олардың белсенділігін арттырады. Сондай-ақ басшылық қызметте де өсуіне мүмкіндік жасайды деп ойлаймын. Ол квотаны кездейсоқ адам алмауы тиіс. Сондықтан ол конкурстық негізде жасалса, дұрыс болар еді. Сонда қоғам дамуына нақты өз үлесін қоса алатын адамдардың жұмыс істеуіне жағдай жасалады.