Елордалық полиция қызметкерлері жүгенсіз жүргізушілерді тәртіпке шақырды
Тәртіп бұзғандардың 41-і – алимент төлемей жүргендер. Ал 7 жүгенсіз жүргізушінің жалған нөмірмен жүйткіп жүргендігі анықталды. Мұндай мәлімет «Қарызсыз Жаңа жыл» акциясы барысында белгілі болды. Полиция және мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған шара 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Олар айыппұлдан жалтарған, алимент төлемеген, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бірақ берешегін өтеуден бас тартқан бұзақыларды тәртіпке шақырады. Осылайша азаматтардың қарызын ескі жылдың еншісіне қалдырмауды көздейді.