Түркістанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жобаға қолдау табылмай отыр
Бірақ Әлімжан Құраловтың жобасы әкімдік тарапынан қолдау таппай отыр. Сондықтан ол жеке көлігін сатып, несие алды.
Әлімжан Құралов өздігімен жүре алмайтын. Арбаға таңылған ол қазір аяғына тұрды. Енді мүмкіндігі шектеулі жандарға такси қызметін ашпақшы.
Әлімжан Құралов, Сайрам ауданының тұрғыны:
- «Инватакси» Үкіметтің қарамағында жұмыс істемейді. Ал қолма-қол ақшаға шақырсаң, келмейді. Заң бойынша келе алмайды. Айырмашылығы сол.
Ол үшін Әлімжан жеңіл көлігін сатып, әйеліне несие алдыртты. Қолындағы ақшасы жетпеген. Жоба авторы «Атамекеннің» грантына өтініш білдірген, бірақ өтпей қалды. Әкімдік те қарайласпаған.
Мария Асқарова, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:
- Ол мемлекеттен жекеменшік, жеке азамат ретінде өзінің жобасын грантқа ұсынып отыр. Өкінішке қарай, ұта алмады. Жеңілмесін деп ойлаймын.
Сайрам ауданында 9 мың мүгедек тұрады. Оларға арналған арнайы такси қызметімен 30-ақ адам жүреді. Бәріне көлік жетпейді. Оның өзінде емхана, Халыққа қызмет көрсету орталығы секілді нысандарға ғана барады.
Әлімжанның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандар көптеген кедергіге тап болады. Мысалы, мына жерасты өткелі олар үшін жабық. Осындай олқылықтарға Түркістанды арбамен аралаған атқамінер де көз жеткізді.
Жоба авторы мүмкіндігі шектеулі жандарды серуендеуге де шығармақ. Әзірге оның ойын іске асыруға қаржы мәселесі қолбайлау болып тұр.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Катерина Попкова, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов