Алматы облысында 3 ауылдың ауызсу жүйесі қайта қалпына келтіріледі
Сол өңірлердің бірі – ауданның әкімшілік орталығы І.Жансүгіров ауылы. Ондағы 9 көшенің құбырлары күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Арасан ауылында да сапалы ауызсуға қатысты осындай түйткілдер бар. Ал Еңбек ауылында орталықтандырылған жүйе мүлдем жоқ. 6 разъездің тұрғындары суды алыстан тасып ішуге мәжбүр. Ауданның ауызсумен қамтылу көрсеткіші бүгінде 83,5% жеткен.
Есім Базарханов, Ақсу ауданының әкімі:
- Еңбектің жобасы қарастырылып жатыр. Бізде 6 разъезд бар, ол жерде 2-3 адамнан тұрады. Суды оларға тартпаймыз.