Ұлттық кеңестің ІІ отырысында өзекті мәселелер талқыланды
Әсіресе митинг мәдениетін қалыптастыру мәселесі көптеген пікірталасқа негіз болды. Заңгер Марат Башимовтің айтуынша, Қазақстанда шерулер ұйымдастырылуы тиіс. «Алайда мұндай жиынға қатысушылар өзгелердің де құқығын ескеруі керек», – дейді сарапшы.
Марат Башимов, заңгер:
- Халықаралық стандарттарда: «Бейбітшілік болу керек, бейбіт шеру және жауапкершілік қажет. Басқалардың да құқығын сақтау керек», – деп жазылған. Біз де осы мәдениетке келе жатырмыз.