Ұлттық сенім кеңесі өңірлердегі мәселелерді шешуге сеп болады
Қазір облыста бірінің жұмысын екіншісі қайталайтын қалалық және аудандық деңгейде 8 қоғамдық кеңес бар. «Олардың құрамын өзгертіп, барлығын біріктірсек, кеңестің қызметін атқарар еді», – дейді белсенділер.
Аят Сүгірбай, өңірлік қоғамдық кеңестің мүшесі:
- Көп жағдайда әртүрлі мәселелерді шешу қажет екенін естиміз. Енді нақты іске көшетін уақыт туды деп ойлаймын. Сондықтан осындай мәселелер көшеге шығып емес, диалогтық алаң құру арқылы кеңестің қазіргі таңда жұмысын бастап, түрлі мәселені шешуі қажет.
Қарағандылық саясаттанушы Елдос Жұмағұлов та: «Қоғамдық сенім кеңесін аймақтарда ашудың қажеті жоқ», – деп есептейді. Себебі ол мәслихат жанынан құрылған қоғамдық кеңестердің көшірмесі болады. Саясаттанушының айтуынша, жергілікті жерлердегі сол азаматтық институттардың жұмысын жандандыру керек.
Елдос Жұмағұлов, саясаттанушы:
- Аймақтардың пікірлері ескерілу керек. Қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту керек. Қаржылық жағын қарастырып, олардың жұмысын қамтамасыз ету керек. Ұлттық кеңес елімізге жеткілікті деп ойлаймын. Бұл – өте дұрыс бастама. Тек бізге керегі батыл саяси реформаларды одан әрі жалғастыру керек. Халықтың күтіп отырғаны да сол.