Атырауда мамонт сүйегі табылды
Өңірде табылған мамонттың жамбас сүйегі мұражайға табысталды. Салмағы 27 келі, ұзындығы бір метрден асады. Жалпы айта кету қажет, бұл музейдің палеонтологиялық бөліміне қойылған алғашқы экспонат емес. Мұнда осыдан млн жыл бұрын Каспий маңын мекендеген бұғы, динозавр, бизон және жабайы өгіз сынды жануарлардың сүйектері сақталған.
Рашида Харипова, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:
- Бұған дейін музейдің қорында жалпы мамонттың бірнеше сүйегі болған. Бірақ осы бір бөлігі жетпей тұрған. Енді табылған жәдігердің арқасында біз келешек ұрпақ үшін мамонттың скелетін жасап шығаруды жоспарлап отырмыз.