Журналистерге жаза жеңілдейді
«Мемлекет басшысының жала жабуға қатысты норманы өзгерту туралы шешімі журналистердің жұмысын жеңілдетеді әрі сапасын арттыра түспек», – дейді кеңес мүшелері. 130-бап негізінде «жала жабылды» деп айыпталған журналист сотталуы тиіс болатын. Президенттің шешімімен енді бұл бап қылмыстық деп танылмайды, әкімшілік кодекс бойынша жаза тағайындалады.
Михаил Дорофеев, журналист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
- Осыдан 5 жыл бұрын журналистер қауымы дәл осы норманы қылмыстық кодекске енгізуге қарсы болған еді. Енді міне, олардың тілегі орындалып отыр. Президенттің шешімі өте дұрыс. Енді журналистер бұрынғыдай зерттеу жұмысымен айналысып, өз жұмысын өте сапалы жасауға ынталанатын болады.
Арманжан Байтасов, Қазақстан медиа альянсының төрағасы:
- Егер де бұл заң күшіне енсе, журналистік зерттеулер көбейіп, масс медиа саласындағы әріптестерім батыл сын айтуға мүмкіндігі болады. Сондай-ақ еліміздегі сөз еркіндігі Қазақстанның тұрақты дамуы мен жалпы экономикалық жағдайының түзелуіне бірден-бір ықпал етеді деп ойлаймын.