Етті мал шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды
Қазір елде агроөнеркәсіп кешенін дамыту аясында етті мал шаруашылығын жетілдірудің салалық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінде республикада 7,1 млн-нан астам ірі қара мал бар, оның ішінде 4,7 млн-ы сүтті, ал 2,3 млн-ы етті бағыттағы ірі қара екен. Мал басының жыл сайынғы өсімі 5% жетті. Жиын барысында Үкімет басшысы жауапты мемлекеттік органдарға және облыс әкімдіктеріне аграрлық бизнес өкілдерімен бірлесіп, Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамыту бойынша алға қойылған міндеттерді іске асырудың оңтайлы тетіктерін егжей-тегжейлі және кешенді пысықтауды тапсырды.